Қазақстанда инвестициялық дауларды шешу бойынша соттардың құрылғанына 1 жылдан асты. Осы уақыт ішінде 73 іс қаралған. Бүгін инвестициялық дауларды қарау тәжірибесі мен олардың соттылығын ажырату мәселелеріне арналған жиында тиісті ақпарат жария болды. Шағымдардың дені мемлекеттік орган жұмысына көңілі толмаған шетелдік компаниялардан келіп түскен. Қаралған істің 60 пайызы инвесторлардың пайдасына шешілген.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
Ғабит БӨКЕНБАЙ