Түпқараған ауданының Баутино портына теміржол тарту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түпқараған ауданының Баутино портына теміржол тарту керек

06.02.2017
Себебі, айлақ теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде жасалған. Алайда, құрылыс жобасы екі жылдан бері іске аспай келеді. Жалпы алғанда, ауданда былтыр 251 жаңа ғимарат бой көтерген.

Балабақшадан тапшылық жоқ. Апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесі түбегейлі шешілген. Сондай-ақ, магистральді инфрақұрылым желілерімен де толықтай қамтылды.

Тек Баутино портына теміржол тарту бойынша жұмыстар кешеуілдеп жатыр.


Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу