Астанада Сирия мәселесін реттеу жөніндегі кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Сирия мәселесін реттеу жөніндегі кездесу өтті

06.02.2017
Астанада Сирия мәселесін реттеу жөніндегі кездесу өтті
Астанада Сирия мәселесін реттеу жөніндегі кездесу өтті
Астанада Сирия мәселесін реттеу жөніндегі біріккен топтың алғашқы отырысы болып өтті. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 23-24-і күндері елордада өткен Астана процесі келіссөзінде Иран, Ресей және Түркия делегациялары мен БҰҰ өкілі- бейбіт келісімге келу мәселесін талқылаған болатын.

Сол жиынға Сирия үкіметі мен оппозициялық топ өкілдері де алғаш рет бір үстел басына бітім үшін отырған болатын. Нәтижесінде атысты тоқтату режимін үшжақты бақылау комитеті құрылған еді. Ал, бүгінгі кездесуге Иран, Ресей және Түркия елдері мен БҰҰ-ның сарапшы мамандары қатысып, Сириядағы соғыс іс-қимылдарын тоқтату туралы тәртіпті сақтау тетіктері нақтыланды.

Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу