Бұл туралы Қайрат Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа жинында мәлімдеді. Мәселен, бүгінде ел көлемінде 6500 мемлекеттік қызметкердің орны ойсырап тұр. Вакансия бар, тек оған отырғысы келетін құлықты жан жоқ. Себеп - бірнешеу. Айлық аз, әрі өңірдегі бос орынға жастардың барғысы келмейді. Аты бар, бірақ заты жоқ орындарды жою мәселесі әңгімеге арқау болды.
Ғабит БӨКЕНБАЙ