Кәсіби мемлекет құру реформасына сай Оңтүстік Қазақстан облысында 6 мың 500-ге жуық мемлекеттік қызметкер аттестаттаудан өтіп жатыр. Cынақта әрбір қызметші жұмысты тиімді ұйымдастыра алатынын және қызметіне деген адалдығын дәлелдеуі тиіс. Мұнан соң олардың жұмысына байланысты бақылау қағазы толтырылып, әңгімелесуден өтеді. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қызметшілер ең көп тірлкелген аймақ.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ