Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға берілген 300 млн. теңге шетел асып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға берілген 300 млн. теңге шетел асып кеткен

16.02.2017
Тұрақты мекен-жайы жоқ және ақшаға мұқтаж адамдарды тауып, оларға азын-аулақ ақша беру арқылы Ұлан ауданында тұрақты тіркеуге тұрғызған. Екінші деңгейлі банктерден шот ашқызып, салық органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркелткен.

Сол арқылы несие рәсімдеп алып отырған. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан ақша алғандар асыл тұқымды мал сатып алғандықтары туралы жалған құжат та әзірлеген.

Сөйтіп, қолға тиген қаражат Моңғолиядағы жеке тұлғалардың есеп-шотына аударылып кете барған.


Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу