Павлодар облысында балаларды құтқарған полиция қызметкері есін жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында балаларды құтқарған полиция қызметкері есін жинады

18.02.2017
Павлодар облысында балалар автобусын апаттан аман алып қалған полиция қызметкері есін жиды. Бұл туралы полиция сержанты Мұрат Нұрпейісовтің әріптестері хабарлады.

Автобустағы балалар үшін өз өмірін қатерге тіккен 34 жастағы құқық қорғау қызметкерінің қазіргі жағдайы қалыпты, бірақ, әлі де жан сақтау бөлімінде жата тұруына тура келеді. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған. Облыстағы компаниялар көлікте болған екі полицейге 5 млн. теңгеден көмек көрсетті.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу