Семейде тәртіп сақшысы 1 адамды мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде тәртіп сақшысы 1 адамды мерт қылды

21.02.2017
Семейде ішімдік ішіп алып, рөлге отырған полиция қызметкері жол-көлік апатына ұшырап, 1 адамды мерт қылды. Оқиға қаланың орталық ауданында түнгі сағат 3-тер шамасында болған. Мас күйінде көлік жүргізген тәртіп сақшысы жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан 4 адам зардап шегіп, оның біреуі ауруханада көз жұмды.

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу