Жұмысқа орналастыру үшін 15 адамнан 400 мың теңге жинап алған алаяқ іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмысқа орналастыру үшін 15 адамнан 400 мың теңге жинап алған алаяқ іздестірілуде

22.02.2017
Астаналық полицейлер 15 адамды Оңтүстік Корея еліне жұмысқа орналастырамын деп, алдап кеткен алаяққа іздеу салуда. Өзін Сеулдегі фирманың өкілі ретінде таныстырған Мадияр есімді азамат құрбандарының сеніміне кіріп, әр қайсысынан ең азы 400 мың теңге жинап алды.

Қаржы қолына тиісімен алаяқ зым-зия жоқ болды. Полицейлер осы азаматтың арбауына түскен тұрғындар болса Ішкі істер департаментіне хабарласуын сұрайды. Сақшылар соңғы кезде интернет-сауда жасаушылардың да алаяқтарға ұрынатынын айтып, ескерту жасады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу