Тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 шақырым қашықтықта құлаған. Әзірге тікұшақтың не мақсатта және қай бағытқа ұшқаны белгісіз. Анығы, тікұшақта ұшқыш Петр Устиновтан бөлек, Аягөз аудандық мәслихатының депутаты және жергілікті жанармай қоймасының директоры Айтқали Ақбаев болған.
Әріптестерінің сөзінше, мәслихат депутатының халықпен кездесу жоспары болуы мүмкін. Бірақ, неге демалыс күндерге жоспарлағаны әзірге белгісіз.
Әріптестерінің сөзінше, мәслихат депутатының халықпен кездесу жоспары болуы мүмкін. Бірақ, неге демалыс күндерге жоспарлағаны әзірге белгісіз.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ