Заң жобаларының ұзақ қаралуына мемлекеттік органдардың өзара келісімге келе алмауы себеп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заң жобаларының ұзақ қаралуына мемлекеттік органдардың өзара келісімге келе алмауы себеп

02.03.2017
Бүгін Әділет министрі Марат Бекетаевтың қатысуымен өткен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында осы мәселе көтерілді.
Құжаттарды жауапты мекемелер ұзақ қарайды. Әр мекемеден өтіп, діттеген жеріне жеткенше, заңжобаны қабылдаудың межеленген уақыты өтіп кетеді. Осы ретте бәрінің ортақ позициясы болуы тиіс деген комиссия министрліктерге ымыраласа, жедел жұмыс істеуді ескертті.

Бүгінгі жиында ІІМ әзірлеген есірткі, психотроптық заттар, сол тектес заттардың айналымын бақылауды күшейтетін заң жобасының концепциясы қаралды.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу