Қостанайлық дәрігер 20 мың доллар төлеп өзінің бұрынғы басшысын өлтіруге тапсырыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлық дәрігер 20 мың доллар төлеп өзінің бұрынғы басшысын өлтіруге тапсырыс берген

07.03.2017
Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдинаға осындай айып тағылып отыр. Қостанай соты дәрігерді екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция шығарды.

Қылмыстық істің материалына сәйкес, марқұм Рашида Сандыбаева мен Зәуреш Изалдинаның арасында жұмыс барысында келіспеушілік туындаған. Кейін екеуінің арасындағы өшпенділік өрши түскен.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу