Ақтауда «Көктем-2017» оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Көктем-2017» оқу-жаттығуы өтті

10.03.2017
Шараға қаладағы Ұлттық ұлан мен Төтенше жағдай басқармасы және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері тартылды.

Ақтау қаласына қарасты Өмірзақ кентін су басу қаупі бар. Нөсер жауыннан кейін әсіресе 1200-дей халық тұратын «Рауан» тұрғын үй массиві жапа шегеді. Осыған байланысты «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп, шұғыл әрекет ету жасағының ширақтығы сыналды.

Шараға қаладағы Ұлттық ұлан мен Төтенше жағдай басқармасы және коммуналдық мекемелердің қызметкерлері тартылды. 80-ге жуық маман өзара бірлесіп 25 техникамен табиғи апатты уақыт ұттырмай тоқтату тәжірибесін көрсетті.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу