Қостанай облысында полиция қамаудағы азаматты босатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында полиция қамаудағы азаматты босатқан

13.03.2017
Жергілікті полиция басшысы әкімшілік жазаға тартылып, қамауда отырған азаматты босатып жіберген. Бұл оқиға Қостанай облысының Жітіқара қаласында тіркелді. Қамаудағы азаматтың камерада жоқ екенін түнде кезекті тексеруге келген прокуратура қызметкері байқаған.
Анықтай келгенде, оны жергілікті полиция басшысының өзі босатқаны мәлім болған. Заңсыз әрекет әшкереленген соң жазаға кесілген азамат қайтадан қамауға алынды.


Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу