Катар мемлекеттік банкі Қазақстанмен арадағы қаржылық байланысты кеңейтпекші. Бұл туралы бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дәріс оқыған Катар мемлекеттік банкінің төрағасы шейх Абдолла бен Сауда Әл-Тани айтты. Оның сөзінше, екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру үшін білім және экономикалық қарым-қатынастарға негізделген ортақ жобаларды көптеп жүзеге асыру керек.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ