Павлодарда арақ шығаратын жасырын цех анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда арақ шығаратын жасырын цех анықталды

14.03.2017
Павлодарда арақ шығаратын жасырын цех анықталды

Павлодар арақ-шарап шығаратын зауыты жоқ еліміздегі жалғыз аймақ. Есесіне, бұл контрабандалық өнім шығаруды кәсіп қылғандарға өте тиімді болып отыр. Мемлекеттік кіріс департаменті жақында жеке меншік үйдің ішінен салынған жасырын цехты анықтады.

Онда отандық зауыттарда жасалатын арақтың 9 түрі шығарылған.Дайын өнімді негізінен Ресейлік кәсіпкерлер көтерме бағамен сатып алған. Цехта бір тәулік ішінде құйылған 6 мың шиша арақ, құтыларды жабатын қақпақтар және қолдан дайындалған акциздік маркалар табылды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу