Еліміздегі барлық су қоймалары мемлекеттің меншігіне өтуі тиіс. Бұлай деп бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы мәлімдеді. Оның айтуынша, жеке меншік кәсіпорындар қоймаларды жөндеу мен қайта қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаражат бөлмейді.
Сол себепті, су ресурстарын пайдалануда жекешелендіру жүйесі тиімсіз. Сондай-ақ, төрағаның сөзінше, су көздерін пайдалануда министрлік биыл 800 млрд-тан астам қаражат үнемдеген. Оған өнеркәсіп орындарын, тұрғын үйлерді ауызсумен қамту және жер асты суларын игеру жұмыстары кіреді.
Назым ҚАЙРАТ