Келесі жылдан бастап мектептерде балаларға арналған интернет қолданысқа енгізіледі. Балалар жасына лайықталған ғаламтор желісін мектеп басшылары арнайы операторлардан алады. Басты мақсат – балаларды ғаламдық желінің зиянынан қорғау.
Ата-ананың қарауынсыз интернетте отыратын балалардың ашулы, агрессивті болып, өзіне ғана емес, өзгелерге де қауіп төндіретінін тәжірибе көрсетті. Мұндай олқылықтың алдын алу мақсатында бұл желіде тек сүзгіден өткізілген сайттар ғана көрінетін болады.
Майра АЙТБАЙ