Жеңіл көлікпен жүк тасымалы ұлғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіл көлікпен жүк тасымалы ұлғайды

15.03.2017

Былтыр Қазақстан мен Сербия арасындағы автомобильмен жүк тасымалы 15 пайызға ұлғайып,  5400 тоннаға жетті.

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста Сербиямен халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Негізгі тасымалданатын жүктер - құрал жабдықтар, қара және түсті металл, ағаш және одан жасалатын бұйымдар. Енді екі елге алмасу квотасы беріледі.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу