Бұл туралы Астана процесінің үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша әзірленген кепіл елдердің бірлескен мәлімдемесінде айтылған. Бүгінгі жиында Иран Ислам Республикасы Сирия мәселесін реттеуде ресми түрде кепіл елдердің қатарына қосылды.
Ал, Сирия оппозициясы Астана процесінің үшінші раундына қатыспады. Дегенмен, олардың бүгін-ертең елордаға келіп қалуы әбден мүмкін.
Сондықтан, әрбір кепіл елдің бірнеше өкілі елордада қалып, келіссөздерді жүргізу үшін оппозицияны күту туралы шешім қабылдады.
Бақытжан ОМАР