Күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

16.03.2017

Күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.  Жадыңызға салайық , ақпан айында Қостанай облысының  Аманкелді аудандық сотына ерлі-зайыптылар ажырасу үшін процеске  келеді. 

Сот отырысы басталмай тұрып, әйелімен сөзге келген ер адам жұбайын пышақтап тастайды.  Әйел қайтыс болды.   Ал, қызметтік тергеу қортындысы бойынша суық қарумен келген азаматты сот ғимаратына өткізгені үшін күзетшіге «өз ісіне салғырт қарады», деген айып тағылды.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу