Атырауда 15 мыңнан астам тұрғын жұмыссыз жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 15 мыңнан астам тұрғын жұмыссыз жүр

24.03.2017

Атырауда 15 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр. Былтыр әлеуметтік бағдарламаларға 12 мың тұрғын тартылғанымен, нәтиже  мардымсыз. Бүгінде өңірде жұмыссыздықтың үлесі 4,9 пайыз. Бұл туралы Атырауға барған  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен өткен жиында айтылды.

Сондай-ақ, мекеме басшысы 1-шілдеден бастап зейнетақы мен атаулы әлеуметтік көмектің 20 пайызға өсетіндігін айтты. Мәселен, биылғы жылдың 1 қаңтарында орташа зейнетақы мөлшері 60 мың теңге болса, шілдеден кейін ол 67 мың теңгеден аспақ.

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу