Әрбір қазақстандық 1 ағаш отырғызса, елдегі экологиялық ахуал жақсара түсер еді. Бүгін «Халықаралық экологиялық конгрестің» тұңғыш отырысында Олжас Сүлейменов осындай ұсыныс айтты.
Басқосу барысында Жер бетіндегі адам санының күрт өсуі, ауызсу тапшылығы, таза ауа, парник газ салдарынан еріп жатқан мұздықтар мәселесі әңгімеге арқау болды.
Алыс-жуық шетелден келген табиғат жанашырлары осы аталған экологиялық апаттар алдағы 20-25 жылда адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін деп отыр.
Ғабит БӨКЕНБАЙ