Қостанай облысының Арқалық қаласында 9 жасар бала қылмыстық жауапқа тартылған. Бұл туралы бозбала әскерге бару үшін медкомиссиядан өту барысында білген. Оған мұндай анықтаманы Халыққа қызмет көрсету орталығы берген.
Ол құжатқа сәйкес әскерге шақырылушы азаматтың үстінен 2006 жылы бұзақылық бабы бойынша іс қозғалған. Алайда, бозбала бұл уақытта ондай қылмыс жасамағанын айтады. Өзін ақтау үшін прокуратураға арыз берген. Бірақ, ондағылар мерзімі өткендіктен бұл оқиғаға байланысты құжаттардың бәрі жойылғанын жеткізген. Соңынан бозбала қалалық сотқа шағымданған.
Сот тексерісі 9 жасар баланың қылмыстық іске тартылуы мүмкін еместігін анықтады.