Павлодардан Баянауылға баратын жол жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардан Баянауылға баратын жол жабылды

04.04.2017

Павлодардан Баянауылға баратын тасжол жабылды. Себебі, кеше кешкісін республикалық маңыздағы «Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ульяновский» бағытының 101-ші шақырымын қызыл су шайып кетті. Тасқын асфальт жолдың 30 метрдей аумағын бұзып өткен. Дерекке қарағанда, таудан аққан қар суы мен қырдағы еріген су қосылып, кәдімгідей ағынды жыра жасап алған. 

Елдімекендер әзірге аман. Бірақ, жолды жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Сарқырай аққан қар суы әзірге бөгет берер емес. Апатты аумақты тәулік бойы күзетуде.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу