Қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты мамандар және метродағы Ішкі істер қызметкерлері күшейтілген тәртіп бойынша жұмыс істеп жатыр. 9 бекеттің әрқайсысында арнайы қызметтің 8 маманы тұр. Пойыздың іші-сыртын тексеруге тартылған кинолог мамандар қауіпті заттарды анықтауға машықтанған иісшіл иттерді пайдалануда.
Метрополитен кесте бойынша жұмыс істеп тұр. Ал, бұл қауіпсіздік шаралары бір немесе екі аптаға созылуы мүмкін. «Ең бастысы, қолыңыздағы зат пен құжатыңызды тексерсе, түсіністікпен қараған жөн», дейді метро мамандары.
Мирас МҰҚАШ