Ресейдің Санкт-Петербор қаласында болған теракті кезінде Қазақстан азаматы қайтыс болды. Ол - Алматы қаласының тұрғыны Максим Арышев. Санкт-Петербордағы Экономика университетінің студенті.
Анасы бір жамандықты сезген болар. Қазір сол жаққа жетіп, ұлының мүрдесін таныды. Бар болғаны 20 жаста. Үшінші курс студентінің кенеттен осылай мерт болуы ешкімге де оңай соққан жоқ. Алматыда Максим оқыған мектеп ұжымы да бұл жағдайды ауыр қабылдап отыр. «Оқуда озат, үлгілі болған оқушы еді»,- деп еске алады ұстаздары.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ