М.Әшімбаев: Ақпарат құралдарының жарылысқа қазақстандық азаматтың қатысы бар деп жазуынан саяси астар іздеудің қажеті жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әшімбаев: Ақпарат құралдарының жарылысқа қазақстандық азаматтың қатысы бар деп жазуынан саяси астар іздеудің қажеті жоқ

04.04.2017

«Басты тақырып» бағдарламасы бүгін «Санкт-Петербургтегі теракт: себеп пен салдар» тақырыбын талқылады.

Студия қонағы - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Ресей аумағында Санкт-Петербургтегі жарылысты қоса алғанда 1990 жылдардан бері 292 қайғылы оқиға болған. Қауіпсіздік неге ескерілмей келеді?

 «Санкт-Петербург - Ресейдің ең үлкен қалаларының бірі. Жарылыс болған метромен күніне 2,5 миллион тұрғын қатынайды. Ол - Ресей үшін ғана емес, ТМД үшін маңызды қала. Сондықтан, әдейі таңдалған болуы мүмкін. Террорлық акт арқылы лаңкестер өздерінің күшін Ресейге де, басқа мемлекеттерге де көрсетіп отыр», дейді Мәжіліс депутаты.  

Мәулен Әшімбаев ақпарат құралдарының жарылысқа Максим Арышевтың қатысы бар деп мәлімет таратуынан саяси астар іздеудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

Сондай-ақ, «Біздің елдің азаматтарына алаңдауға еш себеп жоқ. Өткен жылы терроризммен күресті күшейтуге, алдын алуға бағытталған арнайы құжаттар қабылданды, бұл бағыттағы механизмдер қалыптастырылған. Ол осындай қылмыстардың алдын алуға жұмыс істейді», - деді депутат.  

Сондай-ақ, студия қонағы Орта Азияның қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы және Каспийге қатысты біздің елдің Әзірбайжанмен жүзеге асырып жатқан жобалары туралы әңгімеледі.

Хабарламаларға жазылу