Талдықорғанда «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар өтті

10.04.2017

Жиынның мақсаты - мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Семинарға әдіскер ғалымдар, тіл мамандары Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы Тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары қатысты. Жиында қазақ тілін оқытудың тиімді тетіктері мен әдіс-тәсілдері жан-жақты сөз болды. Сондай-ақ, үздік әдіскерлердің  шолу және онлайн режиміндегі шеберлік сабақтары да әсерлі өтті.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу