Дәл бүгінгі күні Астана қаласы бойынша 3 және 6 жас аралығындағы 33 мыңнан астам бала балабақшаға кезекте тұр. Ал, бөлінген орын саны 6 мыңнан асар-аспас. Оның 386-ы 2011 жылы туғандарға, 1000-нан астамы 2012 жылы, 2 мыңдайы 2013, ал, 1240-ы 2015 жылы туғандарға беріледі. Осы орайда ата-аналар ескеретін бір жайт бар, жолдама баланың туған күніне емес, кезекке қай күні қойылғанына байланысты беріледі.
Шынар АСАНҚЫЗЫ