Ақмола облысында Көкшетау қаласы мен Красный Яр елдімекенін жалғайтын күре жолды қызыл су шайып кетті. Кентте 12 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Бүгінде телефон байланысы да үзілген. Арнайы техника су шайып кеткен жолдың бойында жұмыс істеуде. Көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Облыста бұдан басқа тағы бірнеше бағыттағы жолдарды кешелі бері су басып қалды. Қазір Зеренді ауданының Бірлестік ауылына тіке жолмен жету мүмкін емес. Чаглинка мен Приречное елдімекендерінің арасындағы қатынас та қиындаған. Аймақта су басу қаупі сейілген жоқ.
Ермек ЕЛБЕРГЕН