Депутаттар Ресей аумағы арқылы өткеннен кейін еліміздің аумағына кіретін пойыздардарды тексеру мәселесін көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар Ресей аумағы арқылы өткеннен кейін еліміздің аумағына кіретін пойыздардарды тексеру мәселесін көтерді

12.04.2017

Мәжілістің жалпы отырысында көлік мәселелері бойынша түзетулер бірінші, екінші оқылымда қаралып, мақұлданды.   Депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасында сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы ұлттық заңнаманы халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес келтіру ұсынылған.

 

Қазіргі таңда метрополитендегі қозғалыстың қауіпсіздігін және техникалық құралдардың жай-күйін бақылау жергілікті атқарушы органға бекітілген, ал, қалалық басқа рельстік көлік түрлеріне қатысты бақылау жоқ. Соның салдарынан 2015 жылы Алматы қаласында басқарылмайтын трамвай 14 автокөлікке залал тигізген. Заң жобасы күшіне енсе, жолаушылар жағдайы жақсара түспек. Депутаттар Қазақстаннан шығып, Ресей аумағы арқылы өткеннен кейін қайтадан еліміздің аумағына кіретін пойыздардарды тексеру мәселесін де көтерді.

 

 

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу