Осыдан 56 жыл бұрын алғаш рет Адам-ата ұрпағы аспанға ұшып, ғарышты бағындырды. Сол сәттен бастап адамзат тарихында жаңа дәуір басталды.
Тәуелсіздік таңы атқан тұста елімізде ғарыш саласына ерекше мән берілді. Нәтиже жаман емес. Зеңгір көкте 4 жерсерік қалықтап жүрсе, бір емес, үш бірдей қазақ ғарышкер атанды. Елбасы өз Жарлығымен Ұлттық ғарыш агенттігін құрды. Аз уақытта заманауи ғарыштық инфрақұрылым қалыптасып, өзгелермен терезесі тең сала бой көтерді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ