Алматылық кәсіпкерлерге кедергі көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық кәсіпкерлерге кедергі көп

14.04.2017

Қаптаған құжаттар тізімінен бастап, несие алу жүйесі де  әлі күнге дейін реттелмей отыр. Осы орта бизнестің ісін бөгеп, тежейтін түйткілдерді  қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері қарап, талқылады.

 

Алқалы жиында тірлігін тіктей алмай жүрген шағын бизнес өкілдері шаруаны шатқаяқтатқан мәселелерді жайып салды. Олардың сөзінше, мемлекеттік бағдарламалардың тілі түсініксіз әрі қазақ тіліндегі ақпараттар дұрыс берілмейді. Сондай-ақ, субсидия мен Үкіметтен бөлінетін грантты оңтайландыру қажет. Себебі, көмек қаржы алу жағы қиындап, тиісті мекемелердегі бюрократия титыққа тиеді. 

 

 

Аманкелді СЕЙІТХАН 

Хабарламаларға жазылу