Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау сынағынан «Б» корпусындағы 7 лауазым иесі өте алмай қалды. Оның алтауы ауыл шаруашылығы саласының аумақтық құрылымдарында жұмыс істеп келген. Ал, біреуі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері. Сондай-ақ, кешенді тестілеу нәтижесінде тағы 9 азаматтың білімі мен іскерлігі талапқа сай болмағандықтан қызметі төмендетілді.
Ғани ҚАЛМАХАН