Алматыда кезекті веломаусым ашылды. 2000-нан астам қала тұрғыны көліктерін қаңтарып, велосипедке отырды. Сөйтіп, жұрт маусымның ашылуына орай, салтанатты велошеруге қатысты. Жарыс әл-Фараби даңғылы бойындағы «Нұрлытау» бизнес орталығынан басталып, Тұңғыш Президент саябағына дейін ұласты. Шерушілерге сыйлықтар мен естелік кәдесыйлар тарту етілсе, эстрада әншілері концерт қойды.
Амангелді СЕЙІТХАН