Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы халқымызды хақ діннен адастырмай, ұлттық дәстүрмен ұйысуына нақты қадамдар жасап келеді. Астанада «Ислам және өркениет» деген атпен өткен ІІ республикалық имамдар форумына 500-ден астам дін өкілі қатысты. Сондай-ақ, бұл жиынға Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолиядан қандастарымыз шақырылған. Форум аясында 2 маңызды құжат қабылданды. Қабылданған құжаттың бірі Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы деп аталады. Яғни, қазіргідей жат ағымның жетегінде адасып жүргендерді бірізділікке шақыру. «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы». Бұл құжат дін өкілінің мәртебесін арттырып, білімін шыңдап, жан-жақты тұлға болуына мүмкіндік береді.
Дулат НУРКИН