Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Үлбі өзені арнасынан асты. Өзеннің тасуына өткен демалыс күндері толассыз жауған жаңбыр әсер етпей қоймады. Тасқын су Жаңа Үлбі кентіндегі 4 үй мен 10 саяжайды шайып кеткен. 34 адам құтқарылды. Көпірге жетер жол жарамсыз болып қалғандықтан, құтқарушылар тұрғындарды жағаға қайықпен жеткізді. Қазір мамандар өзен жағасына топырақ төгіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуде.
Жанболат САНИЯЗ