EXPO-2017: Тәртіпті 5 мың адам қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017: Тәртіпті 5 мың адам қадағалайды

24.04.2017

Маусым айынан бастап полицейлер күшейтілген қызмет тәртібіне көшеді. Астанада өтетін ЭКСПО-ға тәртіп сақшыларының әзірлігі жөнінде Ішкі істер министрлігі есеп берді. Көрме аяқталғанша елордадағы қоғамдық тәртіпті 5 мыңнан астам адам қадағалайды. Оның құрамына әскери қызметкерлермен қоса курсанттар мен офицерлер, жеке күзет қызметтерінің мамандары мен универститет студенттері кіреді. Айта кетерлігі, ЭКСПО нысанына шет тілін білетін 200 полицей іріктеліп алынған. Сондай-ақ, көрме аймағындағы тәртіпті бейнекамералар арқылы қадағалауға баса назар аударылып отыр.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу