Астанада Орынбор даңғылының екінші бөлігін Мәңгілік ел деп ауыстыру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Орынбор даңғылының екінші бөлігін Мәңгілік ел деп ауыстыру ұсынылды

13.10.2016
Астанада Орынбор даңғылының екінші бөлігін Мәңгілік ел деп ауыстыру ұсынылды

Бүгін Астана қалалық мәслихатында «Астана қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау» туралы отырыс өтті. Қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаевтың айтуынша, ономастикалық комиссияға көше атауларына қатысты 77 өтініш келіп түскен, олардың 20-ы қаралатын болады.

Қоғамдық қаралымда талқыланған ұсыныстардың бірі Орынбор даңғылының екінші бөлігін Мәңгілік ел атауына өзгерту туралы болды.

«Орынбор даңғылының атауы өзгеруі мүмкін. Сіздер Орынбордың біздің бірінші астанамыз екенін білесіздер. Бірақ, бұл Орынбор көшесі мүлде алынып тасталады деген сөз емес, ол атау басқа көшеге беріледі. Елорда тұрғындары бұл ұсынысты қолдап отыр. Даңғылдың атауы Мәңгілік ел деп өзгертілуі мүмкін», - деді Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

Айта кетейік, өтініш қоғам зиялысынан келген.

 

Хабарламаларға жазылу