Астаналық 50-ден аса құрылысшы бір жылдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Олар елордадағы №17-і және №22-і мектептердің қосалқы ғимаратын салған. Жұмысшылардың майдай терлерімен тауып, енді қол жеткізе алмай жүрген жалақыларының көлемі әрқалай. Жүз мыңнан бастап, миллион теңгеден асады. Қарызды өтеп алу туралы соттың шешімі құрылысшылардың қолында бар. Бірақ, сот орындаушылар әзірге мердігерге еш шара қолданбай отыр.
Азамат НҰҒЫМАНОВ