Алматы тұрғындарының мемлекет ұсынған өтемақыға көңілі толмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тұрғындарының мемлекет ұсынған өтемақыға көңілі толмайды

28.04.2017

Алматыда тағы да екі айналма жол салынады. Сондықтан, бірінші кезеңде Жансүгіров пен Фурманов көшелеріндегі 72 үй, ал, екінші кезеңде Жансүгіров пен Сейфуллин даңғылындағы 259 жер үй сүрілуі тиіс. Алайда, тұрғындар мемлекет ұсынған қаражатқа көңілдері толмайтынын жеткізіп, назарылық танытты. Олар «болмашы ақшаға бағаланған баспанамыздан айырылып қаламыз ба?»,- деп алаңдап отыр.

Сейфуллин мен Жансүгіров және Фурманов пен Жансүгіров көшелері арасындағы 1,5 шақырым жерге екі айналма жолы салынса, 300-ден аса үй сүрілуі тиіс. Ең қызығы, кейбір тұрғынға баспанасы үшін мүлдем мардымсыз сома ұсынылған. «Мәселен, шаршы метрі мен жер телімі шағын үйлерге 2,5 миллион теңге берілмек. Бұл қаржыға көліктен артық ештеңе келмейді», - дейді наразы жұрт.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу