Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және «Ахыска» түрік мәдени орталығы тасқын судан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жөнелтпек. Он күн бойы арнайы орынға қала тұрғындары мен мекемелерден түрлі азық-түлік пен керек-жарақтар жинақталған еді. Қазір заттар сұрыпталып, арнайы қораптарға салынып жатыр. Қайырымдылық жүгі ертең таңертең солтүстікке жөнелтіледі. Бұл шара «Қайырымды ел» акциясы аясында ұйымдастырылған.