Алматы облысындағы Көлтабан ауылының оқушылары қамыстан салынған мектепте оқып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы Көлтабан ауылының оқушылары қамыстан салынған мектепте оқып жүр

04.05.2017

Алматы облысының Ақсау ауданына қарасты Көлтабан ауылына жаңа мектеп керек. Қазір онда оқушылар жарты ғасыр бұрын қамыстан салынған ескі мектепте оқып жүр. Елді мекенде емдеу мекемесінің де тозығы жеткен. 65 түтіні бар шағын ауылдың әлеуметтік мәселелері шешімін таппай, жылда кейінге шегеріліп келеді. Ауыл халқының саны аз болғандықтан, бюджеттен бөлінетін көмек қаржыдан да қағылып отыр.

Жоспар бойынша жаңа мектеп 2020 жылы ғана салынбақ. Оған дейін ауыл баласына елден қалыс қалмау үшін қамыс мектепте те болса да,  дәріс алуына тура келеді. Тұрғындардың  саны аз болғандықтан Көлтабан ауылындағы мектептің мәселесі жылда осылай кейінге шегеріліп қалып отыр. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу