Еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жыл басынан бері 1300-ден астам жан шағымданды. Олардың жартысына жуығы құқық қорғау қызметкерлерінен жәбір көргенін айтқан. Бұдан бөлек, сот шешімдерімен келіспейтіндер және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысына көңілі толмайтындар көп. Осы шағымдардың негізінде уәкіл жанындағы Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері 700-дей жабық мекеменің жұмысына тексеріс жүргізді. Шағымда көрсетілген бірқатар шикіліктерді дәлелдеп, құзырлы органдардың қарауына жолдады.
Шынар АСАНҚЫЗЫ