Бүгін Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараны жергілікті өнерпаздар ұйымдастырған. Салтанатты концертке Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те келді. Ал, ардагерлер - кештің құрметті қонағы.
Сахна төрінде патриоттық әндер әуелете шырқалып, сұрапыл соғыс туралы қойылымдар орындалды. Ерлердің ерлігі әспеттеліп, жастарға үлгі-өнеге көрсетілді.
Азамат НҰҒЫМАНОВ