ЭКСПО көрмесі қарсаңында Астанаға азық-түлік керуені аттанд - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЭКСПО көрмесі қарсаңында Астанаға азық-түлік керуені аттанд

10.05.2017

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізгелі жатқан елордамызға  тарту ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары азық-түлік керуенін жөнелтті. 262 тонна өнім тиелген керуеннің  қоржынында қызанақ, қырыққабат, қияр секілді көкөністер, жеміс-жидектің бірнеше түрі және ет пен сүттен әзірленген тауарлар бар. Сондай-ақ, елордалықтар мен шаһар қонақтары түстіктің шұбаты, балығы, жұмыртқасы мен кептірілген жемісінен де дәм тататын болады.  Өңірдегі Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт және Мақтарал аудандары - диханшылықты кәсіп еткен аймақтар. Автокеруенге тиелген өнімдер, осындағы  егістік алқаптарынан жиналды. Азық түліктің барлығы арнайы зертханада тексеріліп, сапасы анықталды. Бір тәуліктен астам жол жүретін керуен осы аптаның соңында  Астанаға жетеді. Керуенге  жалпы құны 150 миллион теңгенің өнімі тиелген.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу