ШҚО-да заңсыз ойын бизнесі әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да заңсыз ойын бизнесі әшкере болды

12.05.2017

Шығыс Қазақстанда заңсыз ойын бизнесімен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ әшкерленді. Бұл қылмысқа жергілікті құқық қорғау қызметкерлерінің де қатысы болған. Олар енді 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы әрі жетекшісі Ресей азаматы екені анықталды. Ұрланған ақшаның басым бөлігі банк аударымдары арқылы Ресейге жіберілген. Қазір тергеушілер заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар өзге де лауазым иелерін анықтауда.   

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу