Жамбыл облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр

18.05.2017

Жамбыл облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар бүгінгі күні өңделуі тиіс жердің 80 пайызға жуығын аяқтады. Жалпы өңірде үйірлі шегіртке бірнеше есеге көбейген. Мәселен, өткен жылы зиянкестер 8 мың гектардан астам алқапқа таралса, биыл 63 мың гектар жерді шегіртке басқан. Қазір 7 ауданның аумағын шегіртке жайлаған. Әсіресе, Байзақ, Жамбыл, Талас аудандарында көп. Зиянкестерді жою үшін 250 адам тартылды, 26 техника жұмыс істеуде. 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу