Бүгін Қостанай қаласында бес қабатты үйдің бойындай биіктікке суық су атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қостанай қаласында бес қабатты үйдің бойындай биіктікке суық су атқылады

18.05.2017

Бүгін Қостанай қаласының орталығында канализациялық құбыр жарылып, бес қабатты үйдің бойындай биіктікке суық су атқылады. Баймағамбетов көшесіндегі қатты екпінмен шапшыған лай  су жүргіншілер жүретін жолды бұзып кеткен. Түске дейін болған бұл көріністі тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алған. Қаланы сумен қамту мекемесі өкілдерінің айтуынша, бұл жоспарлы түрде құбырларды тексеру үшін жүргізілген жұмыс. Судың қысымы барынша күшейтілгенде құбырдың осал тұсы жарылған. Сонан соң мамандар қысымды қайта азайтып, жарылған жерді жөндеген.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу